Homepage

Қанты жоқ
өнімдер
туралы айтайық

GOOD FOOD STARTS WITH GOOD INGREDIENTS

Тіпті 80-ші жылдардан бері біз барлық дәмді өсімдік негізіндегі өнімдеріміздің қантын азайтуға күш салып келеміз. Міне енді бізде Alpro No Sugars тағамдары мен сусындарының алуан түрі бар. Керемет! Біз өсімдіктің пайдасын пайдаланып, тамақтанған кезде салауатты өмір салтына шақырамыз. Қантты алып тастаудың бұдан жеңіл жолы жоқ!

Біздің No Sugars қантсыз өнімімдеріміз өте керемет,
осыны білгенің дұрыс.

  • Қанты, тәттілендіргіштері жоқ

    Өсімдік негізіндегі дәм, қанты немесе тәттілендіргіштері жоқ. Тұтынуды оп-оңай азайт. Тәтті!

  • Әр жерде, әрқашан*

    Саптаяққа, кофең мен шайыңа құй, қауызға қос. Біздің No Sugars қантсыз жиынтығымызда таңдау көп!

  • Өмір неткен тәтті еді!

    Жеміс пен шырынның дәмі осыншама тәтті болса, қант кімге керек? Біздің Plain No Sugars қантсыз өнімдеріміз ерекше тіске басарларымыз бен тағамдарымызға тамаша қоспа.

Басқа Қанты жоқ өнімдерімен таныс

Біздің Қанты жоқ өніміміз бойынша сұрағыңыз бар ма?

Alpro миссиясы өнімдеріміздің кез келгеніне барынша аз қант қосу. Біз жеміс, жаңғақ және кокос сияқты өсімдік негізіндегі ингредиенттерден тәтті де дәмді тағам мен сусын әзірлейміз. Біз әртүрлі мөлшердегі қанты бар тағамдар мен сусындарды ұсынамыз. Әрқайсына ұсынарымыз бар. Тәттіленбеген өнімдерден қанты аз өнімдерге дейін, сәл тәттіленген өнімдер де бар. Alpro үшін тәттіленбеген деген қанты мен тәттілендіргіштері жоқ дегенді білдіреді.

Егер рецептіге басты ингредиенттерінде тәттісі аз немесе жоқ болғандықтан, міндетті түрде сәл тәтті нәрсе қосу керек болса, тәттісі барынша аз болып, қажетті дәм береді. Біз әрқашан нарықтағы салыстырылатын өнімдерге қарағанда қант құрамы барынша төмен болуына ұмтыламыз.

Осындай табиғи тәттілермен таныс:

  • Қызылшаның ақ қанты – қашықтықты жақын болуы үшін Еуропада өсірілген.

  • Құрақ қанты – Карриб аралдарынан.

  • Глюкоза-фруктоза сиропы – қызылша қантынан немесе жүгеріден алынған.

  • Тәттілендіргіш– стивия өсімдігінен алынған. Біз ешқашан жасанды тәттілендіргішті пайдаланбаймыз.

Alpro қант мөлшері әртүрлі: мүлдем тәтті емес, қанты аз, сәл тәттілендірілген, тәтті өнімдер сияқты әртүрлі тағамдар мен сусындарды ұсынады.

Біз өнімдерімізді үнемі жақсартып отыру үшін көмектесетін жаңа ингредиенттер мен технологияларды қолданып көріп рецептілерімізді сынап, жақсартып отырамыз. Alpro өнімдерінің біразында қанттың жалпы мөлшері 15%-ға дейін азайды. Барлық Alpro өнімдеріндегі қант мөлшері сүтті өнімдермен бірдей, кейде одан да аз.

Жалпы алғанда соя тағамдарындағы қант мөлшері оған ұқсас сүт өнімдеріне қарағанда азырақ. Сүт өнімдерінде сүт қанты лактоза бар, бұл соя өнімдерінде жоқ. Майсыздандырылған сүттің құрамында 100 мл-ге 5 г лактоза бар. Дәмсіздендірілген соя сусынының 100 мл құрамында шамамен 2,5 г қант бар. Қант кішкене мөлшерде дәм беру үшін қосылады. Бұл соя өнімдерін пайдалы, үйлесімді диетамен тамаша сәйкестендіреді.

 

Жоқ, олар ағзада бірдей сіңеді. Тамаққа қосылған және тамақта табиғи түрде бар болатын барлық қанттардың құрамы (қант молекулалары), қанттың бір молекуласы (моносахаридтер - глюкоза, фруктоза және галактоза) немесе қанттың екі қосылғна молекуласы (дисхаридтер - цукроза, лактоза және мальтоза) бірдей болады. Сондықтан қосылған болсын, табиғи болсын қанттар ағзаға бірдей сіңіп, бірдей калорий 4 ккал/грам береді.

Пайдалы, үйлесімді диетада қантты тұтынудың толық үлгілік мөлшері (RI) тәулігіне 90 г аспауы керек. Оған тамақтың құрамында бар қант және тамаққа қосатын қант такіреді.

RI мәніне қалыпты адам пайдалы үйлесімді диетасы аясында күнделікті жей алатын қанттың мөлшерінің пайдалы көрсеткіші жатады. Бұл мән орташа физикалық белсенділік танытатын орташа көлемді әйелге негізделген. Алайда RI мақсатты болуы шарт емес. Талаптар жас, физикалық белсенділік сияқты жеке факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.